From Wikipedia, the free encyclopedia
Әртүрлі оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принциптерінің негізінде геометриялық оптиканың заңдары жатыр. Бұл аспаптардың негізгі бөлігі — нәрсенің кескінін салатын оптикалық жүйе. Қандай мақсатта пайдаланылатына орай оптикалық аспаптардың осындай түрлері бар: проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар т.б.[1] Негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін кандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан оптикалык аспаптардың жүмыс істеу әрекеті геометриялық оптика заңдарына негізделген. Атқаратын қызметтеріне карай оптикалық аспаптар проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар және басқалар болып бөлінеді. Проекциялық оптикалық аспаптар. Проекциялык аспаптарға экранда нәрсенің шын, үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар жатады. Бұл аспаптардың үш түрі бар: диаскоп (диа — мөлдір деген мағына береді), (ол экранға мөлдір денелерді проекциялайды); этоскоп (экранға мөлдір емес нәрселерді проекциялайды); эпидиаскоп (экранға мөлдір де, мөлдір емес те нәрселерді проекциялайды). Барлық жағдайларда да нәрсе объектив пен фокус және қос фокус аралығында орналастырылады. Дене фокусқа неғүрлым жакын орналасса, проекциялық аппарат соғүрлым үлкейтілген кескін береді. Диаскоптың қуатты жарық көзінен шығатын жарық ағыны конденсатордың (линзалар жүйесі) көмегімен диапозитивке (мөлдір объект) бағытталады. Жарық ағынын күшейту үшін кейде жарық көзінің артына ойыс айна кояды, ол жарықты шағылдырып, оны кейін линзалар жүйесіне бағыттайды. Конденсаторды кішкене жарык көзінің кескінін объективке беретіндей етіп орналастырады, ал ол өз кезегінде диапозитивті экранда проекциялайды. Мөлдір емес нәрселерді, мысалы кітаптағы суреттерді көрсету үшін оларды ойыс айнаның фокусында орналаскан шамнан келетін сәулелердің көмегімен жарьщтапдырады. Жарық ағыны суреттен шағылып, жазык айнаға түееді, одан әрі жарықтылығы күшті объективтің көмегімен экранға түседі. Мұндай аспан эпископдоп деп аталады.
Лупа. Нәрсенің ұсақ бөлшектерін ажыратып көру үшін оны үлкен көру бұрышымен қарау керек. Оптикалық аспаптардың көмегімен нәрсені көзге жақындату арқылы көру бұрышын үлкейтуге болады. Үлкен көру бұрышына тор қабықтағы үлкен кескін сәйкес келеді. Ұсақ нәрселерді қарап, көру үшін қолданылатын ең қарапайым құрал — қысқа фокусты (F ≈ 10 см) жинағыш линза. Оны лупа деп атайды. Әдетте лупаны көзге жақын ұстайды, ал қарайтын нәрсені фокаль жазықтығына орналастырады. Осы кезде тор қабықтағы кескін көзге күш түсірмей-ақ пайда болады. Лупаның ұлғайтуы оның өлшемдерімен шектеледі. Оптикалық күші үлкен линзаның дөңестігі де үлкен болатын белгілі. Осы себепті лупаның өлшемдерін кішірейтуге тура келеді, ал мұның өзі көру өрісін азайтып, лупаны пайдалануда қиындықтар туғызады. Сондықтан 40 еседен көп ұлғайтатын лупалар қолданылмайды.
Лупаны сағат жөндейтін шеберлер, геологтер, ботаниктер, криминалистер, филателистер т.б. қолданады.
Перископ. Тағы бір қарастыратын оптикалық аспап — перископ (көне грекше "περΙ" — "айнала" және "ικοπεω" — "қараймын"). Бұл — тығылып отырған жерден бақылау жасауға мүмкіндік беретін аспап. Перископты да қолдан жасауға болады.
Перископ жасауға қажетті материалдар: кез келген қағаз қорап, өлшемдері бірдей екі жазық айна, скотч, кеңсе пышағы, қайшы, сызғыш, қарындаш.
Жұмысты орындау тәртібі: қораптың екі шетінен 3 см-ден өлшеп кесіңдер де, тік бұрыш жасай бүктеңдер; бүктелген жерлерді бекітіңдер және сол жерге айналарды жапсырыңдар, айнаның беті қорапқа қарап тұруы қажет. Перископ дайын болды, оны тігінен қойыңдар. Перископтың жоғарғы шетін нәрсеге қаратып, төменгі шетінен кескінді бақылаңдар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.